Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Желтоқсанда жанармай құны тұрақты болады, жыл соңына дейін осы мөлшерде қалады – Қанат Бозымбаев

AstanaTV
20.12.2016ж. 20:00
2297
Желтоқсанда жанармай құны тұрақты болады, жыл соңына дейін осы мөлшерде қалады – Қанат Бозымбаев

Желтоқсан айында жанармай бағасы тұрақты болады және жыл соңына дейін осы мөлшерде қалады. Бұл туралы үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қараша, желтоқсан айларында қымбаттау болды және оны халық сезінді. Біз бұл үрдістің белгілі бір уақытқа тоқтайтынынан үміттіміз. Ресей энергетика министрі Новакпен үнемі байланыстамын. Қаңтарда осы мәселе бойынша жұмыс істейміз. Дизелді отынға қазір сұраныс төмендеді. Баға тұрақты. Осы деңгейде қалады. АИ-92 маркілі бензин 132-139 теңге аралығында, ал дизель отыны 127-130 теңге шамасында.

Қанат Бозымбаев сонымен қатар Қашаған іске қосылғалы бері 750 мың тонна мұнай алынғанын айтты. Ал жыл соңына дейін көрсеткішті 1 млн тоннаға жеткіземіз, - деді министр.