$453.87 €508.33 ₽5.65

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Күрес федерациясы

Қазақ балуаны Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды  Astana TV. 

Еркін күрестен 74 келі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда Ресей өкілі Иналбек Шериевке 4:10 есебімен есе жіберіп, әлем біріншілігін екінші орынмен аяқтады.

Нұрқожа ақтық сынға дейін төрт белдесуде жеңіске жетті. Алдымен Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0, кейін әзербайжандық Туран Байрамовты 4:0 есебімен ұтты. Ширек финалда тәжікстандық Виктор Рассадиннен 11:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов өз жерінде өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Еске салайық, отандасымыз 2024 жылы 70 келі салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола медаль иеленген.