Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Олимпиадаға бармай ма? Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге кетті

AstanaTV
31.12.2023ж. 01:34
1933
Олимпиадаға бармай ма? Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге кетті

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы күштері қатарына қабылданды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Спортшы Instagram-дағы парақшасында әскери киімде ант қабылдап жатқан сәтінен сурет жариялады.

«Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды боксшы.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – қазақ тарихындағы ең жас әлем чемпионы. Ол 2023 жылы мамыр айында Ташкентте бокстан өткен әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Иордания астанасы Амманда өткен Азия-2022 чемпионатының жеңімпазы атанған.

Одан бөлек, 20 жастағы қазақстандық боксшы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.