Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Көлік министрі кешіккен ұшақ жолаушыларымен кездесу үшін Астана әуежайына барды

AstanaTV
30.12.2023ж. 23:21
762
Көлік министрі кешіккен ұшақ жолаушыларымен кездесу үшін Астана әуежайына барды

Марат Қарабаев кешіккен рейстердің жолаушыларымен кездесу үшін Астанадағы халықаралық әуежайына барды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Толыққанды ақпарат әзірге белгісіз, бірақ желіде тараған видеолардан министрдің адамдарға өз құқы туралы айтып жатқанын байқауға болады.

30 желтоқсан күні сағат 15:00 - 00:00 аралығында жалпы саны 29 рейсті орындау жоспарланған. Алайда оның 21-і елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты кешіктірілсе, 8 рейс кейінге қалдырылды.