$538.54 €628.31 ₽6.7
×

Астанада желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті

AstanaTV
31.12.2023ж. 02:26
Астанада желден көпқабатты үйдің қасбеті опырылып түсті

Астанада қатты желден тұрғын үй кешендерінің бірінің қасбеті түсіп қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиғаның видеосын куәгерлер түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Автордың айтуынша, Төлебаев 5 мекенжайындағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінің қасбеті жұлынған.

«Астана әкімдігінен хабарлағандай, қасбеті құлаған «Арыстан» тұрғын үй кешені үшінші кезегінің 1-ші блогының құрылысын бастапқыда «Kaztelematica» ЖШС жүргізді.
Кейіннен шарттық міндеттемелерді айтарлықтай бұзып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау мерзімін сақтамағандықтан, келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылған. Нысанға техникалық тексеру жүргізілді», - деп хабарлады әкімдіктен.

Ақауды жаңа мердігер «Болашақ GLN Group» ЖШС жөндейтін болды.