Қарағанды облысында 7 автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Kazinform.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.
«Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауын сұрайды.