Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Сырдарияда сең жүріп жатыр

AstanaTV
03.01.2024ж. 15:24
500
Сырдарияда сең жүріп жатыр

Сырдарияда сең жүріп жатыр. Күн райының жылуынан қаңтарда мұз еріп, өзен деңгейі едәуір көтерілді. Бүгінде облыс аумағына жоғарыдан секундына 429 текше метр су құйылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.

Қазіргі таңда сең Қызылорда қаласынан 83 шақырым жердегі Жетікөл жарма аумағына жетті. Мұздақтардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден аспайды. Сондықтан мамандар Сырдариядан аса бір қауіп жоқ деп отыр. Дегенмен, өзен бойында су басуы ықтимал 29 аймақ белгіленген. Онда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп, тасқынның алдын алуда арнайы құрылымдар мен техникалар тас-түйін дайын отыр.

"Қаланың төңірегі осы ПМК саяжайында дарияның деңгейі көтерілу белгісі байқалады. Өйткені, мұздың жиілеп жайлап Қызылорданың төңірегіне келе жатқандықтан. Дегенмен, 2,5-3,5 метрдей бізде ара қашықтық запас бар қорғаныс бөгетінде",-дейді облыстық ТЖД бөлім бастығы Бейбітхан Спанов.