Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Корей банктері Қазақстан нарығына келуі мүмкін

AstanaTV
03.01.2024ж. 18:43
627
Корей банктері Қазақстан нарығына келуі мүмкін

Қазақстан Корея банктерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «Ұлыс сұхбат» барысында айтты.

«Біз Кореяны, Қытайды, Таяу Шығысты көргіміз келеді, ол жақта банктер көп, олар Қазақстанның қандай ел екенін, тұрақты саяси қарым-қатынас орнағанынан азды-көпті мәліметтері бар. Сондықтан біз осы елдердің банктерін көргіміз келеді. Президенттің өзі Қазақстанға жаңа банктер келуі тиіс деген тапсырма беріп отыр», - дейді ҰБ төрағасы.

Сондай-ақ, ол Ресей банктеріне қатысты да пікір білдірді.

«Ал ресейліктерге келетін болсақ, егер олар Қазақстан нарығына қайта оралғысы келсе, бұл біз үшін инвестиция, оны құптаймыз. Олардың банктерінің көпшілігі санкцияда, банктердің едәуір бөлігі Ресей Федерациясында жұмыс істегісі келеді. Олардың басқа нарыққа шыға қоюы екіталай», - деді ол.