$453.87 €508.33 ₽5.65

Елордалық полиция жыл басынан бері есірткі жарнамасы бар 29 граффити дерегін анықтады

02.11.2026ж. 17:01
Елордалық полиция жыл басынан бері есірткі жарнамасы бар 29 граффити дерегін анықтады
Фото: Астана әкімдігі

Елордалық полицейлер ғимараттардың қасбеттері мен қалалық инфрақұрылым нысандарына граффити салуды қоса алғанда, вандализм деректерін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды  Astana TV. 

Жыл басынан бері елордада граффити салудың 18 дерегі, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпарат жазылған жазбалар мен суреттерді қамтитын есірткі жарнамасы бар граффитидің 29 дерегі анықталды.

Әрбір анықталған жағдай бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды.
Есірткі жарнамасы бар граффитиді тарату деректері бойынша оған қатысы бар адамдарды анықтау және заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бабымен алты қылмыстық іс тіркелген.

Мұндай жазулар қала тұрғындары мен қонақтарының көзіне жиі түсетін қоғамдық орындарға, ғимараттардың қасбеттері мен басқа да нысандарға ерекше назар аударылады.

Полиция осындай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қала тазалығы мен тәртібін сақтау – баршаға ортақ жауапкершілік. Ал қалалық мүлікті бүлдіргендер заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.