Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Қарағанды облысында жолда қалған 183 адам құтқарылды

03.01.2024ж. 20:00
463
Қарағанды облысында жолда қалған 183 адам құтқарылды

Қарағанды облысында боранды күні жолда қалған 183 адам құтқарылды. Олар ескертуге қарамастан жолға шығып кеткен. Жалпы 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 27 автотізбек полицейлердің көмегімен діттеген жеріне жеткізілді. Ал Павлодар облысында боранды күні жоғалып кеткен қойшы аман-есен табылды.

Қарағанды облысында жаңа жылдың алғашқы күндері қарлы боран құтқарушылар мен полицейлерді әбден әбігерге салды. Мыңдаған көлік жолда қалды. Жолаушыларға сағаттап тұруға тура келді. Десе де, тәртіп сақшылары оларды далада қалдырмас үшін арнайы автотізбек ұйымдастырып, діттеген жерлеріне дейін жеткізіп салды.

Алдымызда қызметтік көлік кетіп бар жатыр. Біз колонаның соңғы жағына қадағалау жүргізіп бара жатырмыз. Теміртау қаласына дейін жеткіземіз. Сосын Теміртаудан бері қарай көліктерді алып келеміз. Міне, желі қолданушылары қараңыздар, жолдың жағдайын. Қар, боран.

Қарлы бораннан 183 адам құтқарылды. Олар дауылды ескертуді елеместен өз беттерінше, жолға шығып кеткен. Бұдан бөлек 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Нұржан ЖАҚАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Облыста жағдай тұрақты. Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс айналып өтетін республикалық жолдың бір учаскесі жабық күйінде қалып отыр. Температура - 9 градус, жауын-шашынсыз. Бір апта ішінде республикалық маңызы бар 13 учаскеде 42 рет және облыстық маңызы бар 8 учаскеде 22 рет жолдар жабылды.

Павлодар облысында да жағдай мәз емес. Мереке күндері қарлы бораннан республикалық маңызы бар жол бөліктері жабылды. Боран салдарынан Баянауылда бір қойшы жоғалып кетті.

Асқарбек ОМАРОВ, БЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

2 қаңтар күні 23:55-те Баянауыл ауданда бақташы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оны іздеу жұмыстары 3-қаңтар күні басталды. Ол кісі тірі. 3-қаңтар күні күндіз табылған болатын.

Синоптиктер алдағы күндері де ауа райы тұрақсыз болатындығын айтады. Сондықтан, тұрғындар жолға шықпауды сұрайды.