Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Жақсылық шыршасы» науқаны бүлдіршіндердің арманын орындады

03.01.2024ж. 20:00
384
«Жақсылық шыршасы» науқаны бүлдіршіндердің арманын орындады

«Тілектер шыршасы» науқаны аясында Президент атына балалардан мыңнан астам хат келіп түсті. Мемлекет басшысының атынан балаларға арналған сыйлықтарды әкімдік өкілдері табыстады. Олар үйлерді аралап, жеткіншектерге күтпеген жерден қуаныш сыйлады. Көбіне аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер және мүмкіндігі шектеулі, дертке шалдыққан балалар қамтылды. Бағалы сыйлықтардың ішінде түрлі спорт жабдықтар, велосипед, ой-өрісті дамытатын аудиоқұрылғылар, гаджеттер, парта мен орындықтар бар.

Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ёлка желаний бізде қаланың екі жерінде болды. Ол осы балалар үйінде және Экспо алаңында болды. Осы “елка желанийға балалар жазып, осы жерге келіп. Содан кейін осы жерден алып, Президентке жеткізіп, содан осы хаттардың барлығын Мемлекет Басшысы өзі оқып қазір енді сыйлықтарын беріп жатыр. Жауап жазып, хат жазып және балаларға өздерінің тілегін білдіріп, сыйлықтарын табыстап жатыр.