Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы 7 процентке көбейді

03.01.2024ж. 20:00
582
Мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы 7 процентке көбейді

Бірінші қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі мен базалық зейнетақы 7 процентке көбейді. Ынтымақты зейнетақы 9 процентке көтерілді. Бұл-Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақының орташа мөлшері -130 мың теңге. Айта кету керек, былтырдан бері ең төменгі базалық зейнетақыны 5 жылда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына жеткізу көзделген. Ал ең жоғарысын 120%-ке дейін арттыру жоспарланған.. Ал бірінші, екінші, үшінші баланың туына орай төленетін жәрдемақы 140 мың теңгеге көтерілді. Төртінші және одан кейінгі бала үшін 232 мың теңгеге өсті. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы да артты. 4 бала үшін енді 59 мың теңге, 10 балаға 147 мың теңге беріледі. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 95 мың, екінші топтағыларға 76 мың, үшінші топтағыларға 52 мың теңге төленеді.