$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Президент күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді", - Е. Қарин

03.01.2024ж. 20:00
525
"Президент күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді", - Е. Қарин

"Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді". Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты осындай пікір білдірді. Мемлекеттік кеңесші "Президент сұхбат барысында қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтас қамтыды", - деді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізіп, аңдатпа жасағанын айтты.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тақырыпқа шығарылған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген сөзі - барлық идеяның өзегі. Жалпы алғанда, бұл сөз - Президент жүргізіп отырған идеологиялық бағыттың шағын формуласы. Бұл сөз қоғамды жасампаздыққа жетелейді: өткен күнмен өмір сүрмей, болашаққа нық қадам басуға үндеп, халықты бөлетін емес, біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды басшылыққа алуға шақырады.