Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Президент Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

AstanaTV
03.01.2024ж. 19:44
396
Президент Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты.

"Еліңізде болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.