Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Хави "Барселонаның" басты проблемаларын атады

AstanaTV
04.01.2024ж. 15:54
535
Хави "Барселонаның" басты проблемаларын атады

Каталонияның "Барселона" клубының бас бапкері Хави команданың биылғы маусымдағы басты проблемаларын атады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бәрінен бұрын мені қорғаныс шебі мазалайды. Біз бір матчта бірнеше гол соқсақ та, қорғаныстағы қателіктердің кесірінен жеңіліп қалатын кездер болатын. Біз тым көп гол жіберіп алып жатырмыз. Испания чемпиондығы үшін таласты жалғастыра аламыз ба? Сөзсіз, себебі былтыр Ла лигада жеңіске жеттік. Маусымның қалған уақытында қателіктерден нәтиже шығару үшін барымызды саламыз, - деді Хави.

Дәл қазір "Барселона" Ла лигадағы турнирлік кестеде төртінші орында келеді. Хави шәкірттері 18 ойында 38 ұпай еншіледі.