Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт көтерілді

AstanaTV
04.01.2024ж. 15:39
398
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт көтерілді

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт көтерілді,-деп хабарлайды  24KZ.

Сарапшылардың болжауынша, бұған Ирандағы жарылыстар мен Ливиядағы мұнай кенішінің жұмысы тоқтайтыны туралы хабар әсер етсе керек. Себебі Ливияның Аш-Шарара кен орнында мұнайшылардың наразылық толқулары басылар емес. Күніне 300 мың баррель мұнай өндіретін кеніштің жұмысы тоқтағалы тұр.

Ал Иранның Керман қаласында бірнеше жарылыс болып, 100-ден астам адам ажал құшқан болатын. Мұнай өндіруші алпауыт елдердегі осындай оқыс оқиғалар қара алтынның құнына әсер етіп отыр.

Мәселен, Лондонның «Айси» биржасында «Брент» маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері шамамен 3 АҚШ долларына көтеріліп, бір баррелінің бағасы 78 доллардан асты. WTI ақпандағы фьючерсі 3%-ке қымбаттап, баррелі 73 доллардан саудаланып жатыр.