Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын талап күшейеді

04.01.2024ж. 20:00
573
Банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын талап күшейеді

«Мен азаматтарымыздың қарызға белшеден батқанына қатты алаңдаймын». Президент сұхбатында осылай деді. Мемлекет басшысы жақында несие нарығын реттеу саясаты өзгеретінін айтты. Соңғы жылдары банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын талап бес есе күшейген. Қазір борышкер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленді. Енді кредитті коллектор компанияларына сатуды шектеу ұсынылады. Банк омбудсменінің өкілеттігі де кеңейеді. Қазір бұл құжатты Мәжіліс қарап жатыр.

Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Маған Президенттің сұқбаты қатты ұнады. Өйткені Мемлекет басшысы өз сөзінде мен және менің әріптестерім біраздан бері көтеріп жүрген тақырыптарды қозғаған. Мәжіліс – үлкен мінбер. Онда депутаттар халық мүддесіне бағытталған тақырыптарды айтады. Біз қазір Қасым-Жомарт Тоқаев сұқбатта айтқан бірнеше бөлімді талқылап жатырмыз.