$447.14 €499.54 ₽5.46

Краков орталығында белгісіз біреу оқ атты: кемінде бес адам қаза тапты

Краков орталығында белгісіз біреу оқ атты: кемінде бес адам қаза тапты
Фото: BILD

Польшаның Краков қаласындағы орталық алаңда атыс болып, кемінде бес адам көз жұмды.

Тағы он адам жарақат алды. Оның ішінде полиция қызметкерлері де бар.  Бұл туралы Fakt басылымына сілтеме жасап Astana TV хабарлайды.

Оқиға бүгін түстен кейін қаланың орталық базар алаңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам оқ атқан.

Кейін полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оның кім екені және шабуылға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ұстау кезінде күдікті жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнындағы қауіпсіздік шараларына байланысты Краковтың Бас алаңы қоршауға алынды.