$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы тоқтап тұр

05.01.2024ж. 20:00
709
Шымкентте 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы тоқтап тұр

Шымкентте 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы тоқтап тұр. «AMANAT» партиясының депутаттары «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының орындалуына мониторинг жасау барысында аталмыш нысанға да барды. Үш қабатты мекемеде дене шынықтыру, көркем-эстетика, ғылыми-техника, гуманитарлық және музыкалық білім беретін 5 блок ашу жоспарланған. Осы жылдың соңында қолданысқа берілуі тиіс. Бірақ ғимараттың тек 30 проценті салынған. Бұған себеп – қаржы жеткіліксіздігі. Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков өңір үшін маңызды әлеуметтік нысанды аяқтауға атсалысатынын жеткізді.

Данабек ИСАБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді тек қана аяқтау үшін бізге 8 млрд қаржы республикалық бюджеттен бөлінуі қажет екен. Мердігер компаниямен сөйлесіп жатсақ, олар 3 млрдқа дейін жұмыстарын жасап қойған екен. Артығымен жасаған. Бұны шұғыл түрде біз ертең парламентке барған кезде өзіміздің дәрежеде бұл мәселені көтеретін боламын. Тиісті министрлікпен жұмыс жасайтын боламыз.