Батыс Қазақстан облысындағы сүт тауарлы ферма болашақта судан тарығуы мүмкін. Кезінде бұл шаруашылыққа 4 миллиард теңге жұмсалған. Бірақ кешеннің кем-кетігі әлі түгенделер емес. Бүгінде шаруашылық 6 мың гектар алқапта мал азығын өзі дайындайды. Оның 1 мың гектары - суармалы жер. Ендігі мәселе - іргедегі Барбастау өзенінен су айдайтын насосты өздеріне рәсімдеу. Өйткені тіршілік нәріне қажеттілік артып келеді. Су жеткілікті болса, мал азығынан тарықпаймыз, дейді кәсіпкер.
Мейірман АРЫСТАНОВ, СҮТ ФЕРМАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл насос стансасы осы ферма ашылғанда тапсырылған. Содан тапсырылғанда ауада ілініп тұр. Бізде де жоқ, жаңағы сол тапсырған кісіде де жоқ. Сол ЖКХ-ның мойнында. Жем-шөпті дайындау үшін су алуымыз керек. Оны уақытында суаруымыз керек, оны уақытында жинауымыз керек. Осы насос стансасы жөнінде бір шешім табылса деп ойлаймын.