Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атырауда былтыр «AMANAT» партиясының ықпалымен 27 нысан пайдалануға берілді

05.01.2024ж. 20:00
810
Атырауда былтыр «AMANAT» партиясының ықпалымен 27 нысан пайдалануға берілді

Атырау облысында былтыр «AMANAT» партиясының партиялық бақылауы ықпалымен 27 нысан пайдалануға берілді. Құрылыс немесе күрделі жөндеу жұмысы басталып, түрлі себептермен уақытында аяқталмаған ғимараттар мен нысандарға 52 бақылау бекеті орнатылған болатын. Құлсары қаласындағы Меңдекеш Сатыбалдиев атындағы №18 мектептің күрделі жөндеуі былтыр шілде айында аяқталуы тиіс еді. Алайда жоғары сыныптың мемлекеттік емтихандарына байланысты жөндеу желтоқсанға дейін созылды. Партиялық бақылау мен білім ордасы басшысының жұмысты тиімді ұйымдастыруының нәтижесінде, сабақ процесіне кедергі келген жоқ.

Алтынгүл ИБРАЕВА, №18 М.САТЫБАЛДИЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

1568 балаға сыйымдылығы берілгенімен 2648 оқушы дәріс алып отыр. Мына күрделі жөндеу жұмысы кезінде «AMANAT» партиясының ұйымы бізге өте көп қолдау жүргізіп, әрдайым күрделі жұмыс басталғаннан бастап, аяғына дейін қадағалау жұмыстарын жүргізді. Арнайы бекет құрылып, осында күнделікті жасалған жұмыстардың нәтижесі қадағаланып отырды. Шын мәнінде, партия мүшелеріне мың да бір рахметімізді айтамыз қолдау көрсеткені үшін.

Бұдан өзге қаладағы «Мирас» ықшамауданын абаттандыру жұмысы да партиялық бақылау комиссиясының араласуымен шешілді. Құрылыс жұмыстары, әдетте, мердігер мекеменің жауапсыздығы мен мектеп директорларының жиі ауысуы салдарынан кешігеді. Дегенмен «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен Жол картасына енген білім, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жол инфрақұрылымы нысандарын зерделеп, бақылап отырамыз,- дейді аманаттықтар.

Нәсіп ШАЛАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Өткен жылдың өзінде қараша-желтоқсан айларында партиялық бақылау комиссиясының үнемі бақылауында болған 6 балабақша мен 2 мектеп пайдалануға берілген болатын. Жалпы облыс бойынша құрылыс нысандарында 52 бекет құрылып, қазіргі таңда 27 нысан пайдалануға берілді, қалған бекеттер өз жұмыстарын жалғастыруда.