Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясы апта сайын қоғамдық қабылдау өткізеді

05.01.2024ж. 20:00
502
«AMANAT» партиясы апта сайын қоғамдық қабылдау өткізеді

«AMANAT» партиясы апта сайын қоғамдық қабылдау өткізеді. Онда көтерілген мәселелердің басым бөлігі оң шешімін тауып келеді. Жамбыл облысында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өткен жылы 3110 өтініш түсіп, оның 1985-і яғни, 63,8% шешілген. Қалғанына заңды түсініктеме берілді. Партиялықтар түрлі өтінішпен келген азаматтардың әрқайсысымен сұхбаттасып, олардың мұң-мұқтажы мен толғандыратын әлеуметтік мәселелерін зерделейді.

Гүлмира БАЙШАЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

24 жыл болды 7 мөлтек ауданында тұрамын. Бірақ 45 мектеп гимназиясына немеремді 5 жыл болды орналастыра алмадым. Барамын орын жоқ, анда барам мұнда барам, орын жоқ. Амал жоқ «AMANAT» партиясына келдім. «AMANAT» партиясының арқасында бір сағатта немерем 45 гимназияға орналасты. Сол үшін «AMANAT» париясына алғысымды айтуға келіп тұрмын.

Партияға көмек сұрап келетіндердің мәселесі сан алуан. Кей сұрақтар сол жерде шешімін тапса, кейбіріне заңды тұрғыда бағыт-бағдар беріледі. Бірде бір өтініш, шағым назардан тыс қалмайды. Қоғамдық қабылдау -партияның маңызды және аса жауапты бағытының бірі.

Үміт ИБРАЙЫМОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер учаскесін беру және сот шешімімен келіспеу. Осы үш мәселемен біз араласа алмаймыз. Мұнда партия пәрменсіз. Басқа заң бұзушылықтар болса, сыбайлас жемқорлық әрекеттері болса, біз тікелей құзырлы органдармен байланысып, бақылауға алып, шешілуіне ықпал етуге тырысамыз.