Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, болжамдар ақиқатқа айналады", -Президент

05.01.2024ж. 20:00
330
"Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, болжамдар ақиқатқа айналады", -Президент

Макроэко¬номикалық көрсеткіштер сонша¬лықты маңызды емес, азаматтардың тұрмыс сапасының іс жүзінде жақсаруы одан әлдеқайда маңыздырақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында осылай деді. Ол Үкімет экономиканы басқарудың тың тәсілдерін қолдана алса, жағдай жақсаратынын айтты.

Еліміз 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көле¬мін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Алайда Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің болжамдары аталған көрсеткіштердің ауылы алыс екенін айтады. Дегенмен Президент бұл – межеге жетуге болады деді. Ол үшін бірқатар өзгерістер қажет. Соның бірі жақында ғана қабылданған инвестициялық штаб құзыреті.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

Ашық экономикалық саясат, әділетті экономикалық саясатты құру мақсатымыздың өзі ол біздегі мынау инвестициялық тартымдылықты арттыруға әсер ететін бірден-бір фактор. Мынау өткен жылдың соңғы айындағы мынау инвестициялық штабтың өкілеттілігінің артуы ол жалпы мынау атқарушы, орталық атқарушы жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне де әсер етуі, бұл біздегі осы уақытқа дейінгі инвестициялық ахуалды ,климатты одан сайын жетілдіреді деген сенімділік бар.

Инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық тартымдылықты күшейту, сыртқа кеткен активтерді қайтару, салық кодексін әзірлеу мен сатып алу жүйесін жетілдіру экономикалық тұрақтылықтың кепілі дейді, - экономист Асел Абден.

Асел АБДЕН, ЭКОНОМИСТ:

Ішкі экономикамызды реттеп, жаңадан салық кодекісі енгізіліп, жаңадан бюджетный кодекс енгізіліп жатыр. Жаңадан жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Оларды жүзеге асырсақ біздің салаларымыз дамып, өсуі мүмкін.

Бюджет кодексі – өте маңызды құжаттың бірі. Біз «қазына қаражатына» деген көзқарасымызды өзгертіп, оны тиімді, жөнімен әрі үнемдеп жұмсауға тиіспіз дейді, - мемлекет басшысы. Сондай-ақ, салық жүйесін жетілдіру уақыт талабы.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің тапсырмаммен Үкімет мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Салық жүйесін жетілдіргенде тек төлем жинау тәсілімен шектеліп қалмау өте маңызды. Бір жағынан, инвесторларға қолайлы жағдай жасау керек. Екінші жағынан, бюджет кірісінің азайып кетпеуіне мән берген жөн. Яғни таразы басын тең ұстау қажет.

Әлемдегі эко¬номикалық ахуал біздің елге де салқынын тигізетіні сөзсіз. Алайда кез келген қиындық жаңа мүмкіндікке жол ашады. Үкіметтің жел қайдан соқса да желкенді өзіне оңтайлы бұра алатындай, жан-жақты ойластырған жоспары болуға тиіс. Сонда ғана көздеген мақсаттарымыздың бәріне қол жеткізіп, белгіленген мерзімде ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз деді,-президент.