Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

05.01.2024ж. 20:00
404
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Төраға Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндады. Сессия басталғалы депутаттар 35 заң қабылдаған. 69 заң жобасы қаралуда. Сондай-ақ, бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екенін айтты.