Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жамбыл облысында Сібір жарасымен ауырған малдың еті сатылымға шыққан

05.01.2024ж. 20:00
728
Жамбыл облысында Сібір жарасымен ауырған малдың еті сатылымға шыққан

Жамбыл облысында Сібір жарасымен ауырған малдың еті сатылымға шыққан. Кәсіпкер сиырды сойып, оның етін Қаратау қаласындағы ірі сауда орталығына өткізген. Сөредегі еттің үш келісін сатып алған студент ауруханадан бір-ақ шықты. Етті әкелген азамат ірі қараның «жаңа сойылғанын» айтқан. Ал саудагерлер сиырдың құлағындағы сырғасына қарап 120 келісін алыпты. Салдарынан 22 жастағы студент ұшынып аудандық ауруханаға түскен. Талас ауданындағы ветеринария мамандары сатылымдағы еттің қалған бөлігін толық тәркілеген. Кәсіпкер малды базардан алып, өзі сойғанын айтыпты. Ауру екен білмедім дейді. Саудагер сотта өз кінәсін толық мойындады. Оған әкімшілік жаза тағайындалып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Айта кетейік, аймақта Сібір жарасының 189 топырақтық ошағы бар. Өткен жылы қауіпті дертті 19 адам жұқтырған.

Күмісбек РАХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Кез-келген малды сойған кезде ветеринардың анықтамасы болу керек, ветеринарға бару керек. Бұлар өз шарбағында сойған. Ветеринарға ескертпеген. Науқас терілік формасымен ауырып отыр ғой. Қазіргі таңда ол толығымен жазылып, ем алып шықты.