Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжарда 28 жасар жігіт 8 сынып оқушысын зорлады

05.01.2024ж. 20:00
524
Қызылжарда 28 жасар жігіт 8 сынып оқушысын зорлады

Қызылжарда 28 жастағы жігіт 8 сынып оқушысын зорлады. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Бейресми мәліметтерге сәйкес, күдікті- мұғалім. Ол қаладағы оқу орындарының бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ал жәбір көрген қыз Аққайың ауданындағы Смирнов ауылының тұрғыны деген ақпарат бар. Құзырлы органдар бұл фактіні растағанымен, оқиғаның мән-жайы туралы айтқан жоқ.

СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Сотқа дейінгі тергеу 28 жастағы ер адамның 14 жасар кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскенін анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті ҚР қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни “он алты жасқа толмаған адаммен немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді.