Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек»,- М. Рожин

05.01.2024ж. 20:30
1051
«Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек»,- М. Рожин

«Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек». Мәжіліс депутаты Максим Рожин Алматы облысындағы әскери бөлімдердің мониторингі барысында осындай пікір білдірді. Халық қалаулысы әскерилендірілген объектінің жұмысымен танысып, оның материалдық-техникалық базасын тексерді. Алайда әскери қызметшілердің еңбекақы мәселесі мәжілісменді таң қалдырды. Бүгінде бөлім құрамының айлығы шамамен -120 мың теңге. «Бұл сомаға отбасын асырау мүмкін емес», - деді Рожин.

Максим РОЖИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Төтенше жағдайлар саласында басты мәселелердің бірі - ол жауынгерлердің қауіпсіздігі. Олардың қолданатын мүлкі. Техникамен қамтамасыз ету мәселесін біз бүгін көрдік. Екінші мәселе – әрине, бұл азаматтардың айлығы. Бұлардың жұмысы өміріне қауіптілігімен белгілі. Сондықтан мен ойлаймын, біздің азаматтарға төлеп жатқан жалақымыз да сол қауіпке сай болу керек.

Бұл мәселе қазір Парламент деңгейінде көтерілуде. Депутаттар оны «азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына енгізуге ниетті. Онда әскери қызметшілерді әлеуметтік - техникалық қамтамасыз ету туралы сұрақтар да ескерілетін болады. Мақұлданған жағдайда заң жобасы жыл ортасына қарай жұмысын бастайды. Айта кету керек, парламентшілер жұмыс сапарымен еліміздің барлық бұрышындағы түрлі нысандарға барады.

Қанат БАҚТИЯРОВ, БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кездесу барысында Максим Николаевич айтып кеткендей, жұмыстар атқарылып жатыр. Сол мәселе көтеріліп жатыр. Жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Кездесу барысында отырған әрбір әскери қызметші қуанады деп ойлаймын.