Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

СҚО-да азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады

AstanaTV
06.01.2024ж. 12:26
666
СҚО-да азық-түлік бағасы 10 пайызға қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсан айында инфляция деңгейі жылдық есептеумен алғанда 10,5 % құраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, бағалар өткен жылғы желтоқсанда, 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, азық-түлік тауарларына — 9,8%, азық-түлік емес тауарларға — 9, ақылы қызметтерге — 13,8% өскен.

Бір жыл ішінде жұмыртқа — 14,8%, жаңа ауланған балық — 14,1, жемістерге — 10, кондитер өнімдеріне — 9,3, етке — 8% қымбаттаған.

Ал жармалар 6,9% арзандаса, күріш 37,3% қымбаттады.

Алкогольді ішімдіктерге де баға өскен, енді ол 18,7% қымбатқа сатылады, алкогольсіз сусындар 16,4% қымбат. Көкөністерге баға 2,1% өсті, соның ішінде сәбізге — 21,7, қызылшаға — 19,1, қырыққабатқа — 16,9% өссе, пиязға — 12%, картопқа — 1,5% төмендеді. Қант 14% арзандады.

Бұйымдар, приборлар және жеке тұтынуға арналған тауарлар — 21,2%, жиһаз және үй тұрмысына қажетті заттар — 20,3, киім және аяқ киім — 11,6, фармацевтикалық өнімдер — 9,4% қымбаттады.

Коммуналдық төлемақы 15,8% өсті, амбулаторлық қызметтер — 14,7, шаштараз және жеке қызмет көрсететін мекемелер қызметтері — 14,9, сақтандыру қызметтері — 3,1% қымбаттады.