$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тек қолма-қол ақша сұраған саудагерлерге 150 мың теңге айыппұл салынады

AstanaTV
06.01.2024ж. 18:44
1155
Тек қолма-қол ақша сұраған саудагерлерге 150 мың теңге айыппұл салынады

Smart News басылымының хабарлауынша, кәсіпкер қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап етсе, тұтынушы шағымдана алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер агенттігі айтты.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту - заңсыз. Бұл тұтынушылардың құқығын бұзады. Өйткені «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңның нормаларына сәйкес, тұтынушы банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен төлем жасай алады. Кәсіпкерлердің төлем картасын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады. Ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту деректері бойынша тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады», - делінген хабарламада.