Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ирандық компаниялар Қазақстанда 480 млн доллардың ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2341
Ирандық компаниялар Қазақстанда 480 млн доллардың ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады

Ирандық компаниялар Қазақстанда жалпы құны 480 млн доллар болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады. Иранға бидай, май, күріш сынды агроөнімдер экспорттау артатын болады. Ақордада Иран Ислам мемлекетінің басшысы Хасан Руханимен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыны мәлімдеді. Екі елдің көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануымыз керек, деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан, Түркменстан, Иран теміржолы өңірдегі тиімді көлік коммуникациясы болып саналады. Тек қана Қазақстан Ирандағы ғана емес, Парсы шығанағына шығып, сол елдің мемлекеттерімен экономикалық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл жерлерде астық және контейнер терминалдарын Иран аумағында бірлесіп салу жұмысы қазір қолға алынып жатыр. Қазірдің өзінде Иран компаниялары Қазақстан аймағында жалпы құны 480 млн доллар болатын ауыл шаруашылық жобаларын іске асырып жатыр.

Қос ел басшылары өзге де халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылады. Терроризм және экстремизммен бірігіп күресуге уағдаласты. Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевқа бірқатар маңызды мәселелерде қолдау танытқаны үшін ризашылық білдірді. Иран тарапы елімізде геологиялық барлау жүргізуге мүдделі. Тараптар визалық режимді жеңілдетуге де келісті. Кездесу қорытындысына сай екі ел арасында теңіз саудасы, ветеринария және жануарларды қорғау сынды бірқатар маңызды салалар бойынша меморандум жасалды.

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының президенті:

Мен сізге Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық келісімге қол жеткізуге қосқан елеулі еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуға дайын екенімізді таныттық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттарда да бізге қолдау білдіруге уәде етті. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ