Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Сәбиін аяусыз ұрған әйел қызын алты айға дейін көре алмайтын болды

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
2889
Сәбиін аяусыз ұрған әйел қызын алты айға дейін көре алмайтын болды

Сәбиін аяусыз ұрған әйел енді кішкене қызын алты айға дейін өзі қалаған кезде көре алмайтын болды. 34 жастағы павлодарлық Нұргүл Докуоваға қатысты сот осындай шешім шығарды.

Махаббат Ахметбекова, жасөспірімдер ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы:

1982 жылдың 30 мамырында туған Докуова Нұргүл Қайроллақызын 2013 жылдың 22 қаңтарында туған, кәмелетке толмаған Айлин Қасымоваға қатысты ата-ана құқығын шектеу туралы шешім қабылданды. Кәмелетке толмаған Айлин Қасымованы оның әкесі Ермұрат Қасымовтың тәрбиесіне беру туралы шешім шығарылды.

Сот отырысында үш куәгерден түсінік алынды. Оның бірі - Айлиннің әжесі Зинаида Қасымова. Айтуынша, Нұргүл бұған дейін де балаларына қатігездік танытқан. Ұлы мен келіні арасындағы қиын жағдайды байқаған әйел мектеп пен балабақшаға барғанын мойындады. Педагогтар қыздардың жағдайын қадағаласа деген ниет болды,-дейді.

Үш жарым жасар Айлинді аяусыз төмпештеген бейнежазба қазанның аяғында ғаламторға жүктелді. Сұмдық таспаны анасы әдейі түсіріп, балғынның әкесі мен ата-әжесіне жіберген. Полицейлер әйелді бірден анықтап, қылмыстық іс қозғады. Нұргүл Докуова бұл әрекетін «ауыр эмоциялық қысымнан» жасадым деп, көпшіліктен кешірім сұраған. Алайда, қорғаушылық органы бүлдіршінді әкесінің қамқорлығына берді.