$447.14 €499.54 ₽5.46

Балыққа барған 11 жастағы бала өзенге ағып кетті

Балыққа барған 11 жастағы бала өзенге ағып кетті
Фото: ЖИ

Малайзияда 11 жастағы бала суға батып, көз жұмды

Қайғылы оқиға 6 қарашада Малайзияның Субанг-Пердана ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Индонезия азаматы 11 жастағы бала достарымен бірге балық аулап жүріп, өзенге құлап кеткен. Бұл туралы Malay Mail басылымына сілтеме жасап Astana TV хабарлайды.

Төтенше жағдай қызметіне шақырту сағат 15:28-де түскен. Оқиға орнына 11 құтқарушы жіберіліп, іздеу жұмыстарына көршілес бөлімшелердің сүңгуірлері де қосылған.

Баланы сағат 17:10 шамасында өзен жағасынан тапқан. Ол ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер баланың қайтыс болғанын растады.

Марқұмның денесі тиісті шараларды жүргізу үшін полицияға тапсырылды.