Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Екі ай бұрын жоғалған 14 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі қамауға алынды

AstanaTV
08.01.2024ж. 12:51
934
Екі ай бұрын жоғалған 14 жастағы қыздың анасы мен өгей әкесі қамауға алынды

Талдықорған қаласында қарашадан бері жоғалып кеткен 14 жасар қыз әлі табылған жоқ.

Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ата-анасы қамауға алынды.

14 жасар қыздың жоғалу дерегіне байланысты күдікті деп танылған қыздың туған анасы мен әлеуметтік желіде шағымданған өгей әкесі қамауға алынды, - деп мәлімдедіоблыстық ПД баспасөз қызметі.

Әзірге күдіктілер қызды өлтірді ме, жоқ па, нақты белгісіз. Полиция күдіктілерге заңсыз тергеу әдістері жасалмағанын хабарлады.