Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Абай Бегей қызын туған күнімен құттықтап, тосынсый жасады

AstanaTV
08.01.2024ж. 13:48
763
Абай Бегей қызын туған күнімен құттықтап, тосынсый жасады

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Абай Бегей қызы Сымбатты туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Абай Бегей қызын туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Бейнежазбадан жұлдызды әкенің түнгі он екіден кейін перзентіне гүл шоғын тарту еткенін көруге болады. Өнер иесі қызына әкелік ақ тілегін айтқан. Оған қоса әншінің үлкен қызы сіңлісін жаңа жасымен құттықтау үшін арнайы Ақтау қаласынан ұшып келіп, естен кетпес тосынсый жасаған.

"Бүгін сіңілім Симбидің туған күніне тосынсый болып Ақтаудан Алматыға ұшып келдім. Біздің келетінімізді соңына дейін айтпай, папаларға да айтпаңдар деп ескертіп қойдым. Сіңілім эмоциясын ұстай алмай жылап жіберді. Симби туған күніңмен. Тілектеріміздің барлығы ақ дастарханымызда айтылған болатын. Саған бар жақсыны тілеймін. Бар жақсыға лайықсың", - деп жазды Абай Бегейдің үлкен қызы Ерке.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.