Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала көз жұмған

08.01.2024ж. 20:00
643
Отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала көз жұмған

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан елімізде 69 әйел, 7 бала көз жұмған. Жантүршігерлік оқиға жыл өткен сайын көбейіп келеді. “Заңнамалық өзгерістер және қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланды. Жазаны қатаңдату қажеттігі айтылды.

Ләззат РАМАЗАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттің азаматтық қоғаммен жасалып жатқан жұмыстарының барлығының нәтижесі жаңа өзгерістер, заңнамаға кіретін бас қағидаттары осы саладағы қылмыстарды міндетті түрде заңды түрде қатаңдату жалпы ертеңгі күні зәбірлеуші білуі керек тұрмыстық зорлық-зомбылық болсын, баланың құқығына қарсы іс-әрекеттер болсын бұның барлығы мемлекет тарапынан қатаң жазаланады.