Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанадағы қалың қарды тазалауға 1700 техника, 2500 адам жұмылдырылды

08.01.2024ж. 20:00
489
Астанадағы қалың қарды тазалауға 1700 техника, 2500 адам жұмылдырылды

Астанада тоқтаусыз жауған қар жұртты әбігерге салды. Таңертең көбі жұмысқа кешікті. Қалада кептіліс көбейді. Коммуналдық қызмет омбы қарды тазалап үлгермей жатыр.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ?

Мен қазір көпқабатты үйлердің біріңде тұрмын. Көріп тұрғандарыңыздай кешеден бері жауған қар әлі тазаланбаған. Көліктер былай тұрсың, адамдардың кіріп шығуы қиындап кетті. Қазір ақ ұлпаның биіктігі шамамен 15-20 сантиметрге жетті.

Тоқтаусыз жауған қардын салдарынан көшелер кептеліс. Көлік көп. Автобустар уақыттан кешігіп жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Бүгін енді онша тазалап жатқан жоқ. Көрінбейді техникалар. Ал, былай постояна тазалайды.
- Кейбір жолдар таза емес. Әрең жүрем. Үлгермей жатқан шығар.
- Бүкіл қаланы бірден бір уақытта тазалау мүмкіншілік жоқ ғой ешкімде де. Былай тазалап жатыр ғой енді жағдайлары келетін жағдайды.
- Тазалап жатыр ақырын-ақырын. Бүгін әлі тазаланған жоқ. Қар ғой не успевает.
- Бізде болған жоқ бірақ кейбіреу жұмыскерлер кешігіп келді.

Қаладағы қолайсыздықты жою үшін 1 700-ден астам арнайы техника мен 2 500-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Коммуналдық сала қызметкерлері күшейтілген режимде күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Данияр ОҢҒАР, САРЫАРҚА АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Құм, тұз себу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол әлеуметтік нысандарға апарар жолдар, аядамалар сосын негізгі көшелер. Жаяу жүргіншілер жолдарын тазартып жатырмыз. Біз негізі жолдарды ашып береміз. Бірақ толығымен кіре алмаймыз. Өйткені қардың жаууына себепті біз үлгеруміз керекпіз.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 4 облыста және бас қаладаны шығатын бірнеше бағыт бойынша жол жабылды. Қалың қардың кесірінен бір түнде 25 жол көлік апаты тіркелген.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жол қозғалыс ережелерін жылдамдық режимдерін қауіпсіз қашықтықта маневр ережелерін аса қатаң сақтағаныңыз абзал. Жүргізушілерге ғана емес жаяу жүргіншілерге ерекше назар аудару керек. Жүріс бөлігінен өту кезінде жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізіңіз. Сақтық шаралары жол көлік оқиғаларының саның айтарлықтай азайтуға көмектеседі.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері тағы қалың қар жауып, еліміздің солтүстік, батыс, орталық өңірлерінде аяз болады. Мамандар жылы киініп, ұзақ жолға шықпауды ескертеді.