Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Оңтүстік Қазақстан облысында лейшманиоз ауруына шалдыққандар саны артуда

AstanaTV
22.12.2016ж. 20:00
9751
Оңтүстік Қазақстан облысында лейшманиоз ауруына шалдыққандар саны артуда

Оңтүстік Қазақстанда тері лейшманиозы ауруына шалдыққандар соңғы екі аптада күрт өскен. Осы жылдың 11 айында денесін ойық жара қаптағандар саны 53 болса, бүгінде жарамен әлек болғандар 124-ке жетіп отыр. 70-ке жуығы Отырар, Шардара және Арыс аудандарында тіркелген. Жара басу жағдайы өзге аудандар мен Шымкент қаласы тұрғындарында да кездесті.

Мамандар тері лейшманиозы адамнан адамға жұқпайды деп, елді сабырға шақыруда. Жараның емі әзірге табылар емес. Аурудың негізгі таратушысы - "індемес" аталып кеткен жәндік. Ол шаққан соң, шығатын ойық жара адам денесінде кемі 3-4 айға дейін жүреді. Бүгін баспасөз мәслихатын өткізген денсаулық сақтау саласына жауаптылар науқастардың саны артуын өздерінше түсіндіреді.

Қарлығаш Төлендиева,  ОҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

Емшілерге барып, кейін асқынған жағдайда, емделмей жатқанда медициналық көмекке жүгінеді. Сол кезде тіркеліп, мінекей саны. Енді подворный обходтың нәтижесінде табылып, қазір үш ауданға тапсырмалар берілгеннен кейін, осындай комиссия жүріп, әр подворовый  обход бойынша анықтап тауып отыр. Сол үшін тіркеуге алынды, қазіргі таңға 124 жағдай.

Отырар, Шардара аудандарына қарасты бірқатар ауылдарда аурудың табиғи ошағы болуы мүмкін. Мамандар осылай деді. Қазір өңірде індетті ауыздықтауға қарсы арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Мәліметке сай, 1995 жылға дейін «жараның» ошағы саналатын үш аудан түгелдей залалсыздандырылған. Ал, 2004 жылдан бері бұл шара тек ауру тіркелген жерлерде ғана жүргізіледі екен.   

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ