Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуден біртіндеп бас тартады

08.01.2024ж. 20:00
599
Мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуден біртіндеп бас тартады

Алдағы екі жыл ішінде мемлекет азық-түлік бағасына мүлдем араласпауы мүмкін. Нарықты реттеуден бас тарту ұсынысы қазір ашық талқыланып жатыр. Бұл өзгеріс отандық өндірушілер арасында әділ бәсекені қалыптастыруға жасалған қадам, - дейді тиісті министрлік. Яғни, әлеуметтік маңызды 19 түрлі тамақ түрінің құны да құбылып отырады. Айлығы шайлығынан аспай жүрген халықтың қалтасын кім ойлайды? Өндірушілер ойына келген бағаны қоймай ма? Айсәуле Съезбек айтсын.

Айсауле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Үкімет алдағы жарты жыл ішінде әлеуметтік маңызды 19 азық-түлік тізімінен 9 тауарды алып тастамақ. Нақтырақ айтсақ, тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп пен тауық жұмыртқасының шекті бағасы белгіленбейді. Сәйкесінше, аталмыш тауарлардың құнын нарық өзі реттейді. Сауда және интеграция министрлігі бұл қадамға отандық өндіріс ішкі нарықты 100 процент қамтығандықтан барып отырғандарын хабарлады.

«Реттеуден мемлекеттің түбегейлі бас тартуы бағаны шарықтатып жібермей ме?» деген сауалымызға Сауда және интеграция министрлігі жауап беруден бас тартты. Ал базардағы саудагерлер бағаны көтеретін біз емес, өндірушілер дейді.

Фирмалар көтереді бағасын. Біз де көтеріп сата береміз бағасын. Алушыларға қиын да негізі. Халыққа қиын болады да. Негізі оған қарамайды фирма. Қымбаттай береді ғой. Жылына 2-3 рет қымбаттайды ғой. 20-30 теңге қымбаттайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы азық-түлік бағасы 8,5 процентке өскен. Ал жаңа жылдан бері баға өзгерді ме?

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Өскен жоқ. Вроде нормально.
- Все бәрі нормально.
- Нанның өзі қымбаттап кеткен ғой. 160-150 теңгеден болып кеткен. Қазақстанда нанның өзі өсіп жатыр. Соның өзін қымбаттатып жіберген ғой. Басқасын айтпай-ақ қояйық. Жаңа жылдың алдында 120-130 теңге тұғын.

Астаналық базарда қазір тұз 90 теңге. Ұнның келісі - 272 тг. Макаронның ең арзаны - 400 тг, қарақұмық - 280тг деп тұр. Нан - 170 теңге, сүттің литр 630 теңге. Картоптың келісі 150 теңге деп сөреде тұр. Тауық жұмыртқасының бір данасы 60 теңге.

Айсауле СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ:

Тарифтерді мемлекеттік реттеуден бас тартудың жол картасы әзірге «Ашық нормативтік-құқықтық акт» порталында талқылануда. Жоба қабылданса, қалған 10 әлеуметтік маңызды азық-түлік те 2025 жылы бақылаудан босатылады. Өңірлерде базар бағамын әріптесім Айжан Қуаш жеткізеді.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қарағанды облысында ірі қайта өңдеу кәсіпорындарына өте аз пайыздық мөлшерлемемен несие беру арқылы азық- түлік бағасы тұрақтандырылмақ. Шенеуніктердің айтуынша, бұл -әлеуметтік күнделікті тұтынылатын өнімдердің бағасын өсірмеудің бірден- бір жолы.

Азық- түлік өндіруші кәсіпорындарға бұрын мемлекет субсидия төлейтін. Енді керісінше бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру көзделеді. Қарағанды облысында ірі қайта өңдеушілерге өте аз пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі.

Сырым БОШПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Нан пісіретін үлкен наубайханаға қарызға ақша беріліп, соның нәтижесінде мысалы облыста нанның бағасы 90 теңгені құрайды, рожкидің бағасы 137 теңге.Бұл енді тұрақтандырылған төмендетілген баға және ұнның бағасы 154 теңгеден бірінші сұрыпты сатылып қамтамасыз етіліп отыр ».

Осылайша арзан азық- түлікті тек әлеуметтік дүкендерде ғана емес супермаркеттерде де көптеп сату көзделуде. Ол үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдігі азық- түлік келісім корпорациясы арқылы наубайханаларды арзандатылған бидаймен де қамтасыз етіп отыр. Бірақ бағасын қадағалауға келмейтін өнімдер де бар.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазақстан продукциялары бар, жарайды енді шетелден келген продукциялар қымбат болатын шығар. Күріштің өзі Қазақстанда өседі. Ет жағы болсын, картошка, морковька болсын өзімізде өсетін заттар.Соны мемлекет қарауға тиісті».
- Торговый домдар өздері баға қояды ғой, соларды қадағалау керек. Күнделікті қолданылатын макарон, крупа нан да арзан емес 180 теңге, өте қымбат деп ойлаймын».

Негізі әлеуметтік маңызды азық- түліктің 19 түрі бар. Қарағанды облысы оның 8 түрін, атап айтсақ картоп, сиыр еті, ұн, айран, жұмыртқа, сәбіз секілді тауарлармен өзін толық қамтамасыз етеді. Ал әлеуметтік маңызды қалған өнімдер, тұз, қарақұмыз, өсімдік майы, қант сырттан әкелінеді.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

«Мамандар ең алдымен осы сырттан әкелінетін өнімдердің жиі қымбаттайтынын айтады. Сондықтан азық- түлік бағасын ұстап тұру мүмкін емес. Дегенмен қазір аймақтың тұрақтандыру қорында 260 мың тонна тамақ бар. Ол тапшылық туындаса сөрелерге шығарылады.