Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оралда жарылыс болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер екі айға қамалды

08.01.2024ж. 20:00
581
Оралда жарылыс болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер екі айға қамалды

Оралдағы жарылыс болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер екі ай қамауға алынды. Прокурор оны өрт қауіпсіздігін сақтамай, қайғылы жағдайға жол берді деп айыптап отыр. Дегенмен айыпталушы тарап мұнымен келіспейді. Қорғаушының айтуынша, дәмханадағы газ баллоны жарылмаған. Сондықтан жарылыстың неден болғаны белгісіз. Тіпті ресми органдардан құрылған комиссия да жарылыс себебін әлі анықтай алмай жатыр. Қорғаушы кәсіпкердің кәмелетке толмаған үш баласы барын ескеріп, соттың кеңшілік танытуын сұрады. Мұнымен келіспеген прокурор егер күдікті бостандықта жүрсе, тергеу амалдарына әсер етуі мүмкін деген дәйегін алға тосты. Оның айтуынша, кәсіпкер бұған дейін де санитарлық талапты бұзып, еңбек мигранттарын заңсыз пайдаланғаны үшін екі рет жауапқа тартылған көрінеді.

Саят ЖҮНІСБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Ашық сот отырысында Меңдібек Уәлиевті екі айға қамауды санкциялау туралы іс қаралды. Материалды зерделеу кезінде Қылмыстық-процестік кодекстің төрт бабы басшылыққа алынды. Уәлиев 6-наурызға дейін қамауға алынсын. Қаулымен келіспегендер үш күн ішінде арыз түсіре алады.