Спорт Қазақстан
$440.92 €475.36 ₽4.82
×

Оралдық бойжеткен капотпен сырғанап көз жұмды

08.01.2024ж. 20:00
597
Оралдық бойжеткен капотпен сырғанап көз жұмды

Ойыннан от шықты. Оралда автокөлікке капотты тіркеп, сырғанамақ болған 17 жастағы қыз оқыстан қаза тапты. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі Ветелки ауылында болған. Полициядан хабарлағандай, бойжеткен достарымен бірге сырғанақ тепкен. Мәшинеге тіркелген көліктің ескі капотына отырады. Жеңіл көлікпен көшеде сүйреткен капот кейін екпінін тежей алмай, жол жиегіндегі газ бағанына соғылыпты.

Болат ЖАҢАБАЕВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауыр жараланған қыз бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бірақ осы жерде тілге келместен көз жұмды. Оны көлікпен сүйреткен жасөспірімнің кәмелетке толмағаны, жүргізушілік куәлігі жоқ екені анықталды. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.