$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АҚШ-тан есірткі алдырған жеті адам 3 жылдан 16 жылға дейін сотталды

AstanaTV
08.01.2024ж. 19:41
842
АҚШ-тан есірткі алдырған жеті адам 3 жылдан 16 жылға дейін сотталды

Мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған болатын. Одан 649 гр. кептірілген марихуана мен 676 гр. гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды.

Сондай-ақ, олардан 705 гр. марихуана мен 1266 гр. гашиш есірткі заттары табылып,тәркіленді.

Сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды.