Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар облысында асыраушысынан айырылған 1535 бала бар

09.01.2024ж. 20:00
659
Павлодар облысында асыраушысынан айырылған 1535 бала бар

Павлодар облысында асыраушысынан айырылған 1535 бала бар. Олардың басым көпшілігін туыстары мен жақындарының қамқорлығында. Ал 400-ден астамы балалар үйін мекен етеді. Толқын Сегізаева - 6 баланың анасы. Оның үшеуін асырап алған. Оларға тәрбие беріп, оқытып жатыр. Ана көңілін алаңдатқан бір мәселе бар. Балалары үй кезегіне тұрған. Бірақ жақын арада жылжитын түрі жоқ.

ТОЛҚЫН СЕГІЗАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Қазір 2 балам студент. Олар 18 жасқа келгеннен кейін жанағы үй мәселесі. Соны қозғадық бүгін біз жиында. Кезекте тұр балаларым. Бірақта 2070-шы кезек. Ол кезек қашан келеді. Бала неше жасқа келгенде келеді сол мәселе көп толғандырады бізді.

Өңірлерді аралауға шыққан халық қалаулылары бала асырап алуға байланысты заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді. Бастысы, отбасы мүшелерінің біреуі жұмыссыз болуы керек. Яғни, анасы не әкесі тек бала тәрбиесімен айналысуы шарт. Кездесуде жәрдемақының аздығы да сөз болды.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Отбасының бір мүшесін тәрбиелеуге алған адамға 30 мрп. 30 АЕК бұл расымен де бүгінгі қоғамдағы инфляцияны, қоғамдағы қымбатшылықты ескерсек өте мардымсыз сумма. Біз тұрғындардан немесе осы салада еңбек етіп жатқан балалардың құқығын қорғау саласында тәрбиелеу саласында еңбек етіп жатқан азаматтардың ұсыныстарын заңға өзгертулер мен толықтырулар ретінде ұсына аламыз.