Елде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Осыдан кейін кәсіпкерлердің көбі бизнес үшін салық төлейтінін естіп, қолма-қол төлемге көшті. Олар артық шығыннан арылғысы келеді. Бірақ жауаптылар электронды төлемді қабылдамау – заңсыз, - дейді. Егер бас тартса әшімшілік жауапкершілікке тартылады. Алдымен ескерту беріледі, тағы қайталанса 40 АЕК бойынша айыппұл төлейді. Ал жеке тұлғалар бұрынғыдай мобильді аударымдарды қабылдай алады. Ешқандай шектеу жоқ.
Ержан БІРЖАНОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Туыстар арасында бір-біріне ақша аударымдарының сомасы бойынша ешқандай шектеу жоқ. Оны біз кәсіпкерлік деп қарамаймыз. Тек қана біз 100 әртүрлі адамнан алсақ үш ай бойы сол критерийлер бойынша қарастыра аламыз.