Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қызылжарда жылу электр станциясының жаңадан салынып жатқан мұржасы қайта бұзылмақ

09.01.2024ж. 20:00
394
Қызылжарда жылу электр станциясының жаңадан салынып жатқан мұржасы қайта бұзылмақ

Қызылжарда жылу электр станциясының жаңадан салынып жатқан мұржасы түкке жарамай қалды. Нысанды 5 ай бойы зерттеген арнайы комиссия түтін шығатын дүрбіні бұзып, жаңадан салу керек деген шешім шығарған. Еске салайық, жылу электр орталығында құлаған мұржаның орнына қаланған жаңа құбыр- қисық. Мұны тұрғындар әлеуметтік желіде жариялады. Ізінше құрылыс дереу тоқтатылды. Мердігер компания 180 метрлік құбырдың 39 метрін қалап үлгерген. Енді бетоннан құйылған нысанды іргетасына дейін бұзуға тура келмек.

Анатолий КАЗАНОВСКИЙ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Жоба құны -2.1 миллиард теңге. Біз осы уақытқа дейін бұл соманың 42 пайызын төлеп тастадық. Бірақ құбырдың қисық салынғанына байланысты біз қосымша шығындалмаймыз. Мердігерлер оған қатысты қаражатты өз қалтасынан шығарады. Жаңа құбырды бұзу жұмысы наурыздың біріне дейін аяқталмақ. Ал жаңа құбырды мердігерлер осы жылдың аяғына дейін салып бітіреміз деп уәде етіп отыр.