Жасыл алаңда қызылордалықтардың намысын қорғап жүрген "Қайсар" командасы сатылымға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ермұхамед Мәулен Телеграмдағы парақшасында жазды. Айтуынша, 2024 жылдың 23 қаңтарынан бастап сатылымға шықпақ.
Бастапқы баға - 1,6 млрд теңгені құрайды. Бастапқы жарна болса, 252 млн теңгені қамтиды. Сатып алам деушілер барлық талаппен электронды сатылымдар сайтында танысып шыға алады, - деп жазады ол.
Бұл ақпаратты "Қайсар" футбол клубының баспасөз хатшысы да растады.
"Қайсар" командасы осы уақытқа дейін "Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының" балансында болған.