Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Түркістанда желден декоративті шар ұшып кетті

AstanaTV
10.01.2024ж. 13:42
410
Түркістанда желден декоративті шар ұшып кетті

Әлеуметтік желіде Түркістан қаласындағы 2021 жылы пайдалануға берілген Керуен сарай кешенінде сәнді декоративтің желмен ұшып бара жатқан видеосы тараған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жағдайға байланысты бірден Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды анықтадық. Олардың айтуынша, бұл инвесторлардың есебінен салынған.

Ақпаратта көрсетілген оқиға 28 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы Керуен сарай кешенінде болған. Қатты желдің салдарынан сәндік (декоративті) шардың бірі үзіліп, су бассейніне түскен. Шардың салмағы 5 келіден аспайтын, жеңіл болуы себепті желдің екпінімен қозғалып үзілгенін және бұл келеңсіздіктен ешкім зардап шекпегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда шар белгіленген орнына қайта бекітіліп, қалпына келтірілді, - делінген жауап берілді.

Түркістан қаласында ауа райы жайлы болатыны белгілі. Бірақ желдің екпініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан 5 кг аспайтын декоративті шарлардың да ұшпасына кім кепіл.