«Нұр
Отан» партиясының жеңісі өңірлерде де
кең көлемде атап өтілді. Салтанатты шараға партия мүшелері мен жақтаушылары да жиналды. Алдымен Астанадағы
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысын жария еткен баспасөз
маслихаты онлайн режимде тындалды. «Нұр Отанның» жеңісін бұқара ерекше
қуанышпен қабылдады.
«Нұр Отан» партиясының саяси додадағы жеңісін Шымкенттегі жақтастары шаһардағы
жеңіл атлетика спорт кешенінде атап өтті. Айтулы шараға бас аяғы төрт мыңға жуық адам қатысты. Жеңімпаздар форумына
жиналғандар партияның жеңісі бірліктің жеңісі екенін жарыса айтты.
Қалыйма
Жантөреева , «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары:
Кешегі
сайлауда халық өте жақсы келді. Саяси
белсенділік танытты. Халық бұрынғыдан да саяси сауаттылығы артқан. Қалай болса
солай қарамайды. Өз болашағы үшін, келешегі үшін екенін түсініп, өз қалауларын
таңдады.
Мейрам
Исатаев, «Нұр Отан» партиясы Орал қаласындағы филиалының сенімді өкілі:
Бұрынғы
сайлаушылардан қазіргі сайлаушылардың сауаттылығы өте жоғары. Қазір халықтың
барлығы да саяси ахуалды, елдегі тұрақтылықты, алыс-жақын шетелдерде болып
жатқан геосаяси жағдайларды ескере отырып, еліміздің тұрақтылығының, бірлігінің
негізі «Нұр Отан» деп таныды.
Толғанай
Айдарбекова, С.Торайғыров атындағы ПМУ 1 курс студенті:
«Нұр
Отан» деген, менің ойымша, еңбектеген жастан еңкейген қарияға дейінгі Қазақстан
Республикасының, тәуелсіз мемлекетіміздің халқына кедергісіз болашақ бере
алатын, кепілдік бере алатын нағыз халықтық партия. Менің ең алғашқы дауысым
осы партияның жеңісімен жаңғырып отыр.
Еркін КАРИН