Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мас күйінде көлікті басқарған келіншек 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

AstanaTV
10.01.2024ж. 16:53
469
Мас күйінде көлікті басқарған келіншек 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Шымкентте мас күйде көлік басқарған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң бұзушыны патрульдік полицейлер түнгі уақытта Арғынбеков көшесінің бойында тоқтатты. Тәртіп сақшылары Hyundai bayon автокөлігін тізгіндеген ханымның құжаттарын тексеру барысында оның оғаш әрекеттерінен күмәнданып, медициналық тексеруден өтуін сұраған. Нәтижесінде азаматшаның жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімен жүргізуші әйел 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.