Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Оралдықтар табиғаттың ерекше құбылысына куә болды

10.01.2024ж. 20:00
399
Оралдықтар табиғаттың ерекше құбылысына куә болды

Орал қаласының тұрғындары табиғаттың ерекше құбылысына куә болды. Көшедегі шамның жарығы көк жүзіне найзаша шашылып, түрлі түсті шұғылаға айналды. Шаһардың шеткі аумағында байқалған бұл құбылыс бірнеше сағатқа созылған. Ал ғалымдар мұны "оптикалық эффект" деп түсіндіреді. Яғни жылы күндерден кейін аяз күрт күшейген кезде осындай метереологиялық құбылыс болады.

Дінмұхаммед ЕСҚАЛИЕВ, БҚУ ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Ауа температурасының –20 градусқа дейін төмендеуі, екіншісі - ауа ылғал болуы керек. Үшіншісі - ондай қатты жел болмауы керек. Сондай жағдайда ауадағы ылғал мұз кристалдарына айналады. Сол мұз кристалдары көлденең жағдайда орналасады да, мұз кристалдарынан, төменнен шыққан сәулелер шағылысып, ауада осындай құбылыс - жарық бағаналарын құрайды.