Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Мәжіліс депутаттары ірі кәсіпорындарды тексеруге жарияланған мораторийді алып тастауды сұрайды

10.01.2024ж. 20:00
482
Мәжіліс депутаттары ірі кәсіпорындарды тексеруге жарияланған мораторийді алып тастауды сұрайды

Ірі кәсіпорындарды тексеруге жарияланған мараторий алынып тасталуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары үкіметтен заңды түрде осындай шара қабылдауды сұрайды. Бұл туралы бір топ халық қалаулысы Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында айтты. Мәжіліс депутаты Арман Халықовтың айтуынша, дәл осы мораторий ірі зауыттар мен шахталар, сондай- ақ жылу – электр орталықтарында заң бұзушылықтардың көбеюіне әкеледі.

Арман ХАЛЫҚОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өндірістік қауіпсіздік және еңбек инспекциясының комитеттерінің мәртебесін көтеріп, ерекше құзыреттілік беру қажет. Қазақстанда небәрі 260- ақ еңбек инспекторы бар, олардың өзі кәсіпорындарды тексере алмайды. ал бізде қауіпті, денсаулыққа зиянды қаншама кәсіпорын бар. Мемлекет оларды бақылай алмай қалған. Бұл әрине бір күнде шешілетін мәселе емес. Бірақ біз үкіметті дұрыс шешім қабылдауға бағыттаймыз деп ойлаймын.

Депутаттар бір апта бойы аймақтағы кәсіпорындарды аралады. Олар бүгін «Құрылысмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесті. Шахтаға қажетті қондырғылар шығаратын өндірісте 5 жүзден астам адам жұмыс істейді. Оларды әдеттегідей қауіпсіздік, еңбек жағдайын жақсарту мәселелері толғандырады.

Унзила ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Жұмыскерлердің мүддесін ескере отырып жер қойнауын пайдалануға қатысты, экспертизаға қатысты сонымен қатар инвесторлардың енгізетін жұмыстарына да қатысты нормаларын енгізу мәселесін жұмыскерлер көтеріп отыр. Ертең инвесторлармен кездескен кезде біз біз жергілікті жердің жағдайын біліп айта аламыз, яғни қондырғылардың тозып тұрғанын.Соның ішінде көзімізбен көрген мәселені жақсы көтере аламыз».